АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі: біз Өзбекстанға көмек береміз

ӘНДІЖАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блейк Өзбекстанның Әндіжан облысында болды.
None
None

Сапар барысында Р.Блейк Әндіжан қаласының әуежайында Өзбекстанның Премьер-Министрі Шавкат Мирзиевпен келіссөз жүргізді.

Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісіне Қырғызстаннан келген жаралы босқындар орналасқан бірқатар лагерьлер мен жедел көмек көрсету орталықтарында болу мүмкіндігі жасалды. Сондай-ақ ол Өзбекстан аумағына босқындарды өткізетін шекаралық аймақта болды. Сапар аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихаты барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі өзінің әріптестерімен босқындармен жүздесу және олармен әңгімелесу мүмкіндігін жоғары бағалайтындықтарын атап өтті.

«Мен соңғы күндері зор қатігездік көрген әртүрлі босқындардан көптеген жан түршігерлік оқиғалар жайлы естідім. Менің атап өткенімдей, босқындар контингентінің 90 пайызын әйелдер мен балалар құрайды. Ал ер-азаматтар өз дүние-мүліктерін қорғау үшін Қырғызстан аумағында қалып отыр. Өзбекстан үкіметінің қабылдаған шараларын жоғары бағалап, шұғыл әрі конструктивті әрекет еткендігі, сонымен қатар алапат гуманитарлық дағдарысқа ұшыраған 110 мыңнан астам босқындарды қабылдап, оларға тамақ, су, баспана, медициналық қызмет және көмек бергені үшін алғыс білдіргім келеді», деді Р.Блейк.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің атап өтуінше, көптеген босқындар, еркектердің өлтірілгенін, ал әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырағандығын баяндаған. «Бұл қылмыстардың барлығы тәуелсіз тергеуді талап етеді. Бұндай тергеу өткізу - ең алдымен Қырғыстан уақытша үкіметінің міндеті», деп мәлімдеді ол.

АҚШ билігі алдын ала болжам бойынша 5 млн. АҚШ долларын бөлмек ниетте. Бұл қаражат Өзбекстан аумағындағы босқындарға және Қырғызстандағы зарап шеккен тұлғаларға бағытталмақ. «Біз Өзбекстан аумағындағы босқындарға көмектесу үшін БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы үшін 2,8 млн. АҚШ долларымен қосымша қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», деді ол.

«Сонымен қатар халықаралық апаттар қорынан 50 мың АҚШ доллары бөлінеді», деді Р.Блейк.

Түс ауа АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қырғызстанға аттанып кетті.

Соңғы жаңалықтар