АҚШ Мемлекеттік департаменті кейбір бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуды тоқтатпақ
АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік департаменті «миссиясы маңызды емес» деп саналатын басылымдарға жазылуды тоқтатуға бұйрық берді, деп хабарлайды Red Lake Nation News.

11 ақпанда жіберілген қызметтік хатта елшіліктер мен консулдықтарға академиялық немесе кәсіби журналдар болмаса, басқа маңызы жоқ бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу (мерзімді басылымдар мен газеттер) келісімшарттарын және сатып алу тапсырыстарын тоқтату тапсырылды.
Бұл шара New York Times, Associated Press және т. б. басылымдарға кететін шығындарды азайту жөніндегі істің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылатын АҚШ-тың жүздеген елшіліктері мен консулдықтарына қолданылады.
Бұған дейін АҚШ-тың Үкіметтің тиімділігі департаменті (DOGE) жүргізіп жатқан үнемдеу саясатының бір бөлігі ретінде бірқатар америкалық БАҚ бұдан былай мемлекет тарапынан қаржыландырылмайтыны хабарланған болатын.