АҚШ Мемлекеттік департаменті Қытайға бару сапарының қауіптілік деңгейін төмендетті

АСТАНА.KAZINFORM - Ақүй Бейжіңмен тұтқын алмасу аясында үш америкалықты босатқанын жариялағаннан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Қытайға саяхаттау туралы кеңес беру деңгейін төмендетті, деп жазады The Hill.

Госдепартамент США понизил уровень опасности поездок в Китай
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

Жаңартылған хабарламада АҚШ азаматтарын заңсыз ұстауға қатысты нұсқаулар да алынып тасталды.

Ақүй АҚШ-та ұсталған Қытай азаматтарына айырбас ретінде АҚШ-тың үш азаматы — Марк Свидан, Кай Ли және Джон Люнды босату туралы жариялағаннан кейін жаңартылған саяхат ұсынысы пайда болды.

М.Свидан 2012 жылы есірткіге қатысты айыппен қамауға алынды, ал К. Ли мен Дж. Люн тыңшылық жасады деген айыппен ұсталды.

Мемлекеттік департамент 2-деңгейлі саяхатқа қатысты ескерту «жергілікті заңдардың ерікті түрде қолданылуына, соның ішінде шығуға тыйым салуға байланысты» күшінде қалатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Си Цзиньпин мен Джо Байден Лимадағы АТЭС саммиті аясында кездесу өткізді.