АҚШ Мемлекеттік хатшысы Панамаға сапарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік хатшы Марко Рубио келесі аптада Панамаға барады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Панамаға сапарлайды
Фото: Видеодан алынған скрин

АҚШ сыртқысаяси ведомствосының басшысы сондай-ақ Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика және Доминикан Республикасына баруды көздеп отыр. 

Панамаға барған алғашқы сапары кезінде Рубио АҚШ сыртқы саясатының орталығында кем дегенде екі мәселені талқыламақ: заңсыз иммиграцияны азайту және Дональд Трамптың Панама каналын қайтаруға деген ұмтылысы, деп жазды Politico. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Панама басшылығы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдап, онда АҚШ президенті Дональд Трамптың Панама каналының кімге тиесілі мәселесі және оны Құрама Штаттар бақылауына қайтару ниетіне қатысты мәлімдемелерін қабылдамайтынын білдірді.

— Біздің каналымыздың егемендігі келіссөздерге жатпайды және ол — біздің күрес тарихымыздың бір бөлігі, — деді Сыртқы істер министрі Хавьер Мартинес-Ача. 

Ол президент Хосе Рауль Мулино өз ұстанымын анық білдіргенін қосып өтті. Рубио баруды жоспарлап отырған басқа елдер, соның ішінде Гватемала мен Сальвадор да АҚШ-тың оңтүстік шекарасына жетуге тырысатын мигранттар үшін негізгі транзиттік пункт болды.

 

Соңғы жаңалықтар