АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде түпкілікті рәсімделуі мүмкін. Бұл туралы Пәкістанның премьер-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін
Фото:  Anadolu Ajansı

Бұған дейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен өзара түсіністік туралы меморандумға жақын күндері цифрлық форматта қол қойылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Иранның сыртқы саяси ведомствосының басшысы сондай-ақ 60 пайызға дейін байытылған уран мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, Тегеран бұл мәселені реттеудің жалғыз жолы ретінде аталған уранды Иран аумағында сұйылтуды қарастырады.

Сонымен қатар, Аракчидің сөзінше, меморандум жобасында Ормуз бұғазы мен АҚШ енгізген теңіз блокадасын алып тастауға қатысты ережелер де қамтылған.

Сондай-ақ Аракчи ықтимал келісім аясында Иранның бұғатталған активтеріне қол жеткізу тетігі қарастырылғанын айтты.

Бейсенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін өзі жариялаған Иранға соққы жасау жоспарын тоқтатып, Тегеранмен мәміле жасауға жақын қалғанын мәлімдеді. Осыдан кейін бірден бірнеше бұқаралық ақпарат құралы екі ел арасындағы болашақ «өзара түсіністік туралы меморандумның» жаңа егжей-тегжейін жариялады.