АҚШ пен Қазақстанның қорғаныс ведомстволары арасындағы бесжылдық ынтымақтастық жоспары талқыланды - Астана
деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министр Ә.Жақсыбеков Ордвей мырзаны осы лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Қазақстанды жақын білуі мен мол тәжірибесі екі ел арасындағы барлық саладағы, оның ішінде, әсіресе, әскери-техникалық бағыттағы қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға өз үлесін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы келісілген бесжылдық ынтымақтастық жоспар шеңберіндегі кадрлар дайындау, әскери білім беру жүйесін жетілдіру және басқа да салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың болашағы талқыланды.
- АҚШ армиясының әртүрлі бағыттары бойынша озық тәжірибесін зерделеуге негізделген Әскери байланыстар жоспары шеңберінде соңғы жылдары екіжақты шаралар санының айтарлықтай өсуін айрықша атап өткен жөн. Үстіміздегі жылы 110-нан астам екіжақты шаралар жоспарланған. Америка Құрама Штаттары да, Қазақстан Республикасы да бір мақсатты көздейді. Ол - әскери ынтымақтастықты кеңейту және келіссөздер арқылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту болып табылады, деді Әділбек Жақсыбеков өз сөзінде.