АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде бірқатар мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Ақ үйде ішкі және сыртқы саясатқа қатысты бірқатар мәлімдемелер жасады, сонымен қатар өз өлімі туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды CNN.

Президент Дональд Трамп cделал ряд заявлений в Белом доме
Фото: youtube.com

АҚШ ғарыштық қолбасшылығы Алабама штатына көшеді

АҚШ президенті АҚШ ғарыш қолбасшылығының штаб-пәтері Колорадо-Спрингстен (Колорадо штаты) Хантсвиллге (Алабама) көшетінін хабарлады. Президенттің айтуынша, бұл штатта 30 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Аталған шешім Трампбірін президенттігінің бірінші мерзімі кезінде қабылданды, бірақ 2023 жылы президент Джо Байден қолбасшылықты Колорадода қалдыру туралы шешім қабылдады.
Интернетте Трамп өлімі туралы қауесет шықты

Трамп өз өлімі туралы қауесетті жоққа шығарды және демалыс күндері желіде оның өлімі туралы тараған қастандық теорияларынан бейхабар екенін хабарлады. 

Ақ үй басшысы өз өлімі туралы емес, денсаулығына қатысты жалпы алаңдаушылық туралы естігенін айтты: «Мен олардың: «Оның жағдайы жақсы ма? Қал жағдайы қалай? Не болды?» деп сұрағанын білдім.

Ұлттық гвардия Чикагоға аттанады

Трамп Ұлттық гвардияны Чикагоға орналастыратынын мәлімдеді, бірақ нақты уақыт кестесін атаған жоқ. Иллинойс штатының губернаторы сейсенбіде федералдық үкіметті өз әрекеттерін жергілікті құқық қорғау органдарымен үйлестіре алмады деп айыптады. Губернатордың мәлімдеуінше, штат әскердің орналастырылуын сотта даулауға дайын. 
Трамп Жоғарғы соттың тарифтер туралы шешім шығаруын талап етеді

АҚШ президенті мәлімдегендей, оның әкімшілігі сәрсенбі күні көптеген ауқымды тарифтерін жойған Жоғарғы сот шешіміне шағымданатынын болады.

Жұма күні федералдық апелляциялық сот Трамптың көптеген тарифтерін алып тастап, президент «Конгрестің негізгі өкілдігі» болып табылатын импорт туралы тарифтерді енгізу үшін төтенше өкілеттіктерді заңсыз пайдаланғанын мәлімдеді.

Украинаға қатысты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада бейбітшілік орнату ісіндегі ілгерілеушілік туралы айтты, бірақ қандай да бір нақты мәлімет беруден бас тартты. 

- Мен өте қызықты нәрселерді білдім. Алдағы бірнеше күнде кейбір пікірлерді естисіз, білетін боласыз деп ойлаймын, - деді Дональд Трамп.

Трамп Путин мен Украина президенті Зеленскийдің екіжақты кездесуі өтпесе, оның салдары қандай болатынын нақтылағана жоқ. 

АҚШ президенті бейбіт келіссөздің тығырыққа тірелгенін мәлімдеді. 

Трамп Ресейге қарсы қандай да бір санкция салатынын нақты айтқан жоқ, тек әкімшілігінің «қан төгуді тоқтату үшін бірдеңе жасайтынын» бұлыңғыр сипаттады.

Бұған дейін АҚШ Венесуэла маңында есірткі тиеген кемеге оқ атқаны туралы жазған болатынбыз

Сондай-ақ АҚШ Венесуэладағы теңіз күштерін күшейтеді

Соңғы жаңалықтар