АҚШ президенті Джо Байден Израильге барды
АҚШ президенті Джо Байден мінген ұшақ Израильге жергілікті уақыт бойынша сағат 11:01-де қонды. Kazinform aгенттігі бұл туралы CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақтан түскен президент Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израиль президенті Исаак Герцогты құшақтап, АҚШ елшілігінің уақытша сенімді өкілі Стефани Халлетпен қол алысып, амандасты.
Кирбидің журналистерге хабарлауынша, Байден өз сапарын премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен кездесуден бастап, одан кейін Израильдің әскери кабинетімен кездесу өткізеді.
«Ол бірнеше күрделі сұрақ қояды. Соның ішінде Израильдің болашақ жоспарлары туралы сұрақтар бар», - деді Кирби.
Кирбидің сөзінше, Президент Байден қақтығыстың ушығуын қаламайтынын, Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды, сондай-ақ тұтқындар мәселесін шешуге ниетті екенін атап өтуді жоспарлап отыр.
Байденнің сапары өткен түнде Газа секторындағы ауруханада жүздеген адамның өмірін қиған жарылыстан кейін Таяу Шығыста басталған наразылық шерулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Палестинаның ресми өкілдері "жарылыс «Исламдық жиһад» зымыранының әсерінен болғанын" мәлімдеген Израильді айыптады.
Сәрсенбіде Израиль әскерилері нысанға Израильдің әуе шабуылын жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын аудио және визуалды дәлелдемелерді ұсынды.
Израиль 7 қазанда 1400 адамның өмірін қиған шабуылдарға жауап ретінде Газа секторын бақылап отырған ХАМАС тобын жоюға уәде берді. Палестинаның денсаулық сақтау саласы өкілдерінің мәліметінше, Газа секторында кемінде 3 мың адам қаза тапты.