АҚШ президенттігіне сайлау жарысынан тағы бір үміткер шығып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Эйса Хатчинсон АҚШ президенті лауазымына сайлауалды жарыстан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады.
Арканзас штатының бұрынғы губернаторы, Республикашылдар партиясынан президенттікке үміткерлердің бірі Эйса Хатчинсон сейсенбі күні сайлаушылардың жеткілікті қолдауына ие бола алмағандықтан сайлауалды додадан шығып қалды.
Сәуірде 2024 жылы Республикашылдар атынан кандидатурасын ұсынатынын жариялаған Хатчинсон сауалнамаларда ешқашан бір пайыздық тармақтан жоғары көтерілмеді және қыркүйектегі партияның екінші дебатына өтпеді.
Хатчинсон Дональд Трамптың кандидатурасына қарсы шығып, бұрынғы президент 2021 жылы 6 қаңтарда өз жақтастарының Капитолийге жасаған шабуылы үшін «маңызды жауапкершілікті» мойнына алады және қайта президент болуға құқы жоқ деп мәлімдеді.
Хатчинсон 2015 жылдан бастап 2023 жылдың басына дейін Арканзас губернаторы қызметін атқарды. Бұған дейін ол федералды прокурор болды, Өкілдер палатасында үш мерзімге сайланып, Джордж Буш әкімшілігінде жоғары лауазымдарды атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше АҚШ президенттігіне Республикашылдар партиясынан үміткер Вивек Рамасвами де сайлауға қатысудан бас тартқан болатын.
АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. Дональд Трампқа президенттік сайлауға қатысуға рұқсат берілді. Мичиган штатының соты оның штаттағы негізгі бюллетеньде қалуы туралы шешім шығарды.