АҚШ Ресейге қарсы санкциялардың бір бөлігін 20 тамызға дейін уақытша тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың бір бөлігін 20 тамызға дейін уақытша тоқтатты. Бұл шешім Аляскада өтетін саммитке дайындық және оны өткізу үшін қажетті қаржылық транзакцияларға қатысты қабылданды, деп хабарлайды ведомствоның сайты.

США приостановили санкции против России до 20 августа
Фото: Fotolia/denisismagilov

Министрліктің мәліметінше, әдетте RuHSR және URSR шеңберінде тыйым салынған, бірақ Аляскадағы кездесуге қатысу немесе оны қолдау үшін қажет барлық операцияларға 2025 жылғы 20 тамыз, сағат 00:01-ге дейін рұқсат берілген.

Құжатта бұл шара бұғатталған активтерді босатуды көздемейтіні атап өтілген.

Бұған дейін Путин мен Трамптың Аляскада өтетін кездесуіне орай қауіпсіздік шаралары күшейтілгені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар