АҚШ Сенаты криптовалюталарды реттеу туралы заң жобасын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Сенаты екіпартиялық дауыс беру нәтижесінде криптовалюталарды реттеуге бағытталған GENIUS заң жобасын қабылдап, оны Өкілдер палатасына жолдады, деп хабарлайды NBC News.

Сенат США принимает законопроект о регулировании криптовалют
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

Заң жобасын 68 сенатор қолдап, 30-ы қарсы дауыс берді. 18 демократ Республикалық партия өкілдерінің көпшілігіне қосылды. Тек екі ғана республикашыл қарсы шықты.

Бұл дауыс беру — Сенаттың цифрлық активтерді реттейтін маңызды заңды алғаш рет қабылдауы.

— Бұл заң жобасы арқылы Америка Құрама Штаттары криптовалюта саласында әлемдік көшбасшы болуға бір қадам жақындай түсті. Заң жобасы АҚШ долларын нығайтып, тұтынушыларды қорғайды және АҚШ-тың қазыналық облигацияларына деген сұранысты арттырады, — деді GENIUS Act заң жобасының авторы, Теннесси штатының республикашыл сенаторы Билл Хагерти.

GENIUS заңы енді республикашылдар басқаратын Өкілдер палатасына жолданды.

Бұдан бұрын АҚШ-та биткоиндердің стратегиялық резерві құрылғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар