АҚШ сенаторлары полицияның электрошокер қолғаптарын қолдану туралы жоспарын сынады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың тәуелсіз сенаторлар тобы Иммиграция және кедендік бақылау (ICE) қызметін электр тоғымен соққы беретін қолғаптар сатып алуға 10-20 миллион доллар жұмсау жоспарынан бас тартуға үндеді, деп хабарлайды Анадолы.

АҚШ сенаторлары полицияның электрошокер қолғаптарын қолдану туралы жоспарын сынады
Фото: Anadolu

The Hill басылымының хабарлауынша, Кэтрин Кортес-Масто бастаған демократиялық және тәуелсіз сенаторлар тобы ICE директорының міндетін атқарушы Дэвид Дж. Вентуреллаға хат жолдаған.

Хатта сенаторлар ICE-нің адамға электр тогын соққызатын G.L.O.V.E. қолғаптарын (Generated Low Output Voltage Emitter) сатып алуға 10-20 миллион доллар жұмсау жоспарына қатысты «алаңдаушылықтарын» білдірді және ведомствоны оларды пайдаланудан бас тартуға шақырды.

— Кейінгі бір жылда ICE қызметкерлері шамадан тыс күш қолданып, азаматтық құқықтарды өрескел бұзды. Бұл оқиғалар ICE қызметкерлерінің дайындықтан жеткіліксіз өткенін және тиісті түрде жауапкершілікке тартылмайтынын көрсетеді, - делінген хатта.

Бұған дейін АҚШ иммиграция және кеден қызметі (ICE) офицерлерге қарсылық көрсеткен адамдарға тоқ соқтыратын арнайы қолғаптар сатып алуды қарастырып жатқаны хабарланған болатын.

Бұл құрылғылардың жоспарланған құны 10 миллион доллардан 20 миллион долларға дейін.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) хабарламасына сәйкес, ICE ресми түрде «деэскалация құрылғылары» деп аталатын құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл америкалық Compliant Technologies компаниясының G.L.O.V.E. (Generated Low Output Voltage Emitter) әзірлемесіне қатысты. Қызығы, аббревиатураның өзі ағылшын тіліндегі «қолғап» сөзіне ұқсас естіледі.

Қалыпты режимде құрылғы стандартты қызметтік қолғап ретінде қолданылады, бірақ қызметкер электр режимін іске қоса алады.

Адам терісімен тікелей жанасқанда қолғап ауыр электр тоғы соғу әсерін тудырады. Құрылғы тұтқындау кезінде физикалық қарсылық көрсеткен адамдарға қолданылады деп жоспарланған.