21:30, 12 Сәуір 2025 | GMT +5
АҚШ смартфондар мен компьютерлерді жаңа тарифтерден босатады

АҚШ-тың кеден және шекараны қорғау қызметі босату Қытай импортына салынатын 145 пайыздық тарифтерге қатысты екенін және жартылай өткізгіштер, күн батареялары, жад карталары сияқты компоненттерді қамтитынын айтты.
Bloomberg бұл шешім тұтынушыларды «бағаның қарыштап өсуінен» қорғауы, iPhone өндірісі мен құрастырылуының 90%-ы Қытайда жүзеге асырылатын Apple сияқты өндірушілерге көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.
Осыған дейін Иран мен АҚШ ядролық бағдарлама бойынша Оман астанасында келіссөзді бастағанын хабарлаған едік.