АҚШ Сомалидегі лаңкестерге бірнеше соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қарулы күштері Африка қолбасшылығының (AFRICOM) мәліметінше, америкалық әскер Сомалиде «Аш-Шабаб» пен «Ислам мемлекетінің» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) жергілікті филиалына қарсы әуе шабуылдарын күшейтті, деп хабарлайды FOX News

США нанесли серию ударов по террористам в Сомали
Фото: foxnews.com

AFRICOM мәлімдемесінде АҚШ күштері Сомалидің федералды үкіметімен лаңкестікке қарсы кешенді науқан аясында ынтымақтасқып жатқаны айтылған. 
8 қаңтарда әуе шабуылдары «Аш-Шабаб» позицияларына, соның ішінде Сомали астанасы Могадишодан солтүстік-батысқа қарай шамамен 154 шақырым жерде орналасқан Буур-Хейбе ауданына жасалған.

9 және 11 қаңтар күндері «Ислам мемлекетінің» Пунтленд автономиялық ауданы Голис таулары аймағында және Бари провинциясындағы Босасо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан позицияларына әуеден соққылар жасалды. 

- Біз «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Каида» кеңейе берсе, АҚШ-қа тікелей қауіп төндіретінін жақсы түсініп отырмыз, - деп мәлімдеді АҚШ Қарулы күштері африкалық қолбасшылығының басшысы генерал Майкл Лэнгли.

AFRICOM мәліметінше, АҚШ 2025 жылдың 1 ақпаны мен 10 маусымы аралығында Сомалидегі «Аш-Шабаб» және «Ислам мемлекетіне» қарсы әуеден 38 шабуыл жасады. 

«Аш-Шабаб» - «Әл-Каиданың» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) филиалы және 2007 жылдан бері елдің оңтүстік және орталық бөліктерінде Сомали үкіметіне қарсы соғыс жүргізіп келеді.

«Ислам мемлекеті» - негізінен Пунтлендтің таулы солтүстік-шығысында шоғырланған шағын топ, ол сонымен қатар ықпал ету үшін «Аш-Шабабпен» бәсекелесіп отыр. 

Бұған дейін ЕО Сомалидің егемендігін құрметтеуге шақырғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар