АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

УОЛЛЕР. ТАСС-ҚазАқпарат – АҚШ-тың Техас штатында 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

ТАСС агенттігінің АВС телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, оқиға Техас штатында, Хьюстоннан батысқа қарай орналасқан Уоллер округінде болды. Ұшақ далалы алқапқа құлаған.

Барлық жолаушы эвакуацияланып үлгерген, 2 адам зардап шеккен.

Апат орнынан түсірілген видеода өрт тұтанғанын және әуе кемесінің корпусы толығымен қирағанын көруге болады.

McDonnell Douglas MD-87 ұшағы Бостонға бет алған.

Мән-жайды анықтаумен FAA және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысады.