АҚШ-та акциялар нарығы 1,5%-ға жаңа жылдық төмендеумен ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауда-саттық басында Dow Jones америкалық қор индексі 1,58% төмендеді. Бұл 2008 жылдан оның ең төменгі жаңа жылдық көрсеткіші, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Сарапшылар айтқандай, индекстер Қытайдағы нарықтың тоқырауына және Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты құлдырады. Қытай қор нарығы бір тәулікте 7%-ға төмендеп, оның автоматты түрде жабылуына себеп болды.

Өткен жылдың тамызында Шанхай биржасындағы құлдырау да негізгі биржалық индекстердің төмендеуіне әсер еткен.

Соңғы жаңалықтар