АҚШ-та актер әрі режиссер Роберт Редфорд қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та 89 жасында белгілі актер әрі режиссер Роберт Редфорд өмірден өтті. Бұл туралы ол жұмыс істеген жарнама агенттігінің бас директоры Синди Бергер The New York Times басылымына хабарлады, деп жазды DW.

Дерекке қарағанда, Редфорд Юта штатындағы өз үйінде, сүйікті орнында, жақындарының қасында ұйықтап жатып көз жұмған.
Кинокарьерасында Редфорд 100-ден астам фильмге түсті. Оның ең танымал туындыларының қатарында «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» (1969), «Үш күн Кондор» (1975), «Президенттің бүкіл адамдары» (1976) бар.
Актер ретінде ең кассалы фильмі – 1993 жылы жарық көрген «Ұятсыз ұсыныс» мелодрамасы. Деми Мур және Вуди Харрельсон ойнаған бұл картина прокатта 267 млн доллар жинаған.
Режиссер ретінде Редфорд өзінің алғашқы туындысы – 1981 жылы шыққан «Қарапайым адамдар» драмасы үшін «Оскар» жүлдесін жеңіп алған.
Айта кетейік, АҚШ-та «Әлемдегі ең мейірімді судья» қайтыс болды.