АҚШ-та алапат нөсерден соң қала су астына кетті (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка астанасынан 30 шақырым жердегі Мэриленд штатында болған аса күшті нөсерден соң өзендер арнасынан асып, Элликотт-Сити көшелерін басып қалды.
Табиғи апат салдарынан бір әйел ажал құшты, деп хабарлайды НТВ WUSA телеарнасына сілтеме жасап.
Элликотт-Ситиде үйлер мен кәсіпорын ғимараттары қирады, жергілікті билік төтенше жағдай енгізіп, құтқару шараларын жүргізіп жатыр. Қаза тапқан әйелдің мүрдесін құтқарушылар өзеннен алып шықты. Із-түзсіз жоғалғандар жайлы ақпараттар бар, бірақ олардың саны әзірге белгісіз.