11:37, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
АҚШ-та астронавтардың әлемдегі алғашқы жекеменшік мектебі ашылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Waypoint 2 Space» компаниясын басқаратын американдық кәсіпкер Кевин Хес алдағы жазда АҚШ-та, тіпті әлемде тұңғыш астронавтардың жекеменшік мектебін ашуды қолға алмақ.
Ол өзінің Space News мамандандырылған апталығына берген сұхбатында NASA-мен келісім бойынша, одан мамандар, сондай-ақ, әуесқойлар - «ғарыштық туристер» дайындықтан өте алады.
Өзінің дайындық бағдарламасын ол NASA-ның, сонымен бірге компаниясының келісімімен жасаған. Астронавтар мектебі Техас штатындағы Хьюстон қаласында орналасатын болады. Ол үшін 1 мың шаршы метрге жуық аумақ алынған. Waypoint 2 Space и Jacobs Engineering арасындағы келісімшарт миллион долларға бағаланып отыр.