14:34, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
АҚШ-та атыс салдарынан 5 адам ажал құшты
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қылмыскер Вашингтон штатындағы Федерал-Уэй қаласында оқты қарша боратқан.
Оқиға салдарынан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары мәлімдеп отыр. Қазіргі таңда бұл қанды оқиғаның себептері анықталу үстінде.