АҚШ-та биыл жұмыстан босатылғандар саны 1,1 миллионнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та 2025 жылы жұмыстан босатылғандар саны 1,1 миллионнан асты, деп хабарлайды FOX Business.

АҚШ-та биыл жұмыстан босатылғандар саны 1,1 миллионнан асты
Фото: economictimes.indiatimes.com

Жұмыс орындарын қысқарту пандемиядан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Биылғы қаңтар-қараша аралығында жұмыс берушілер 1 170 821 қызметкерді қысқарту туралы мәлімдеген. Бұл 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға көп (сол кезде 761 358 адам жұмыстан қысқартылған).

Challenger дерегінше, 2025 жылғы көрсеткіштер 2020 жылғы пандемия кезеңінен (қаңтар-қарашада 2 227 725 қысқарту) кейінгі ең жоғары деңгейге жақындаған. Сондай-ақ 2009 жылы рецессия кезінде 1 242 936 адам, 2002 жылы 1 373 906 адам, 2001 жылғы рецессияда 1 956 876 адам жұмыстан босатылған еді.

Тек 2025 жылдың қараша айында ғана америкалық компаниялар 71 321 адамды қысқартатынын хабарлады. Бұл қазан айындағы 153 074 адаммен салыстырғанда 53 пайызға аз. Алайда көрсеткіш 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда (57 727 адам) 24 пайызға өсіп, 2022 жылдан бергі ең жоғарғы айлық деңгейге жетті.

Салалар бойынша қараша айында ең көп қысқарту телекоммуникация секторында тіркелді – 15 139 адам. Технологиялық компаниялар 12 377 адамды қысқартты. Осылайша IT саласында 2025 жылы жалпы 153 536 адам жұмыстан босатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары.

Тамақ өнеркәсібінде қарашада 6708 жұмыс орны қысқартылды. 2025 жылғы жиынтық көрсеткіш – 34 165 адам, бұл өткен жылға қарағанда 26 пайызға көп.

Қызмет көрсету секторында қараша айында 5509 адам жұмыстан босатылды. Жалпы алғанда, бұл салада 2025 жылы 69 089 қысқарту тіркелді – былтырғыдан 64 пайызға артық.

Бұған дейін АҚШ шетелдік азаматтар үшін жұмыс істеуге рұқсат беру мерзімін қысқартты.

Соңғы жаңалықтар