АҚШ-та биткоиндердің стратегиялық резерві құрылды
АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп биткоиндердің стратегиялық резервін құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Yahoo Finance.

Резерв активтерді тәркілеу туралы қылмыстық немесе азаматтық іс жүргізу шеңберінде тәркіленген федералды үкіметке тиесілі биткоиндермен капиталдандырылады, деп хабарлады Ақ үйдегі жасанды интеллект және криптовалюта бөлімінің басшысы Дэвид Сакс Х платформасында.
Бұған дейін Трамп осы резервке қосуды күткен бес сандық активтің атауларын жариялап, олардың әрқайсысының нарықтық құнын күрт көтерді: Bitcoin, Ether, XRP, Solana және Cardano.
Алайда, мұндай резервтің қалай жұмыс істейтіні немесе салық төлеушілерге қандай пайда әкелетіні белгісіз.
Сакс сонымен қатар биткоиндерден басқа таңбалауыштардан тұратын «АҚШ-тың цифрлық активтерінің қоры» құрылатынын хабарлады.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі алғашқы цифрлық активтердің мемлекеттік резервін құру туралы жарлыққа қол қойған еді.