АҚШ-та болған жол апатында Қытайдың үш азаматы қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — 22 тамыз күні Нью-Йорк штатының солтүстігінде болған автобус апаты салдарынан Қытайдың үш азаматы қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.
Бұл туралы жексенбі күні ҚХР-дың Нью-Йорктегі Бас консулдығы хабарлады.
Жарақат алған тоғыз адамның жетеуі ауруханадан шығарылған, ал қалған екеуі медициналық көмек алуды жалғастырып жатыр.
Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы қаза тапқандардың отбасыларымен байланысқа шығып, апаттың салдарын жоюға көмек көрсетуге кіріскен.
Сенбі күні консулдықтың жұмыс тобы оқиға орнына барып, ауруханадағы зардап шеккендерді жағдайын біліп, қажетті консулдық көмек көрсетті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында салынып жатқан көпір құрылысында тростардың үзілуі салдарынан 12 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалғандар қатарында екені айтылды.