АҚШ-та дауылдан кейін қалқып жүрген тоңазытқышқа жабысқан ер адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ жағалау күзеті бейсенбі күні Флорида жағалауында «Милтон» дауылынан кейін cуда қалқып тұрған термоконтейнерге жабысып алған ер адамды құтқарғанын хабарлады», деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.

Милтон дауылы
Фото: Pixabay.com

«Тікұшақ экипажы құтқару күртешесін киіп, термоконтейнерге жабысып алған ер адамды емдеу үшін Тампа ауруханасына жеткізді», - делінген қызмет хабарламасында.

Құтқару операциясы кезінде зардап шеккен ер адам – балық аулайтын кеменің капитаны Лонгбоут-Ки қаласынан 48 шақырым жерде болған.

3-ші санаттағы «Милтон» дауылы Флорида штатының батыс жағалауына сәрсенбі күні кешке Сиеста-Ки қаласы маңында жетті. Бейсенбі күні таңертең дауыл бірінші санатқа дейін бәсеңсіді.

PowerOutage мониторинг ресурсының мәліметінше, штаттың 2,7 млн-нан астам тұрғыны жарықсыз отыр. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 14 адам қаза тапқан.

Осыған дейін Флоридада «Милтон» дауылы құрбандарының саны 14 адамға жеткенін жазған еді.

 

Соңғы жаңалықтар