АҚШ-та егіздің бірі өз сыңарын құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Юта штатында екі жастағы егіз ұлдар тұратын үйге орнатылған камера бір баланың екіншісін құтқарып қалған сәтті түсіріп алды.
Видеоны YouTube желісіне ата-аналары жүктеді.
Балалар комод жанында ойнап жүріп, оны абайсызда аударып алады. Егіздердің бірін шкаф басып қалады, ал ата-анасы жанында емес. Абырой болғанда, егіздердің бірі еш саспастан комодты жылжытып, бауырын құтқарып қалды.