АҚШ-та есірткі картельдеріне қарсы кең ауқымды әскери науқан басталды

АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА. KAZINFORM — «Оңтүстік найза» атауына ие болған операция Батыс жарты шардағы есірткі лаңкестерін жоюға бағытталған, деп мәлімдеді Пентагон басшысы Пит Хегсет. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-та есірткі картельдеріне қарсы кең ауқымды әскери науқан басталды
Фото: x.com/DeptofWar

Пентагон басшысы Пит Хегсет Батыс жарты шардағы есірткі картельдеріне қарсы Southern Spear («Оңтүстік найза») деп аталатын жаңа операцияның басталғанын жариялады.

— Бұл миссия біздің Отанымызды қорғайды, жарты шардан есірткі лаңкестерін жояды және халқымызды өлтіріп жатқан есірткіден еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Батыс жарты шар — Америка аумағы, және біз оны қорғаймыз, — деп жазды Хегсет бейсенбі, 13 қарашада X әлеуметтік желісінде.

АҚШ қорғаныс министрінің айтуынша, операцияны осы мақсатта құрылған арнайы топ және АҚШ ҚК Оңтүстік қолбасшылығы (Southcom) басқарады. Southcom бұған дейін USS Gerald R. Ford ұшақ тасығышын алған. Ол Пуэрто-Рикода орналастырылған басқа әскери кемелерге, ядролық сүңгуір қайықтарға және ұшақтарға қосылады.

Қыркүйек айының басынан бері америкалық кемелер Вашингтон венесуэлалық есірткі картельдерімен байланысы бар деп күдіктенетін халықаралық сулардағы кемелерге үнемі шабуыл жасап келеді. Сонымен қатар, АҚШ есірткі саудагерлерімен күресті сылтауратып, Венесуэла жағалауына кемелер тобын және Пуэрто-Рикода жойғыш ұшақтар орналастырды.

Бұған дейін АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы кемелері Кариб теңізі айдынына енгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар