АҚШ-та Федералды тергеу басқармасының бұрынғы басшысының жазбасы бойынша тексеру басталды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Құпия қызмет Федералды тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Джеймс Комиге қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ВВС.

  АҚШ-та ФТБ бұрынғы басшысының жазбасы бойынша тексеру басталды
Фото: comey instagram

NBC News-тің хабарлауынша, тергеуге Комидің Instagram желісіне қалдырған жазбасы себеп болып отыр. Онда құмға жазылған «86 47» деген белгіні көруге болады.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 86 деген белгі біреудің көзін жою дегенді білдіреді. 47 деген АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трампты деген мағына беруі мүмкін.

Бұл белгінің кісі өлтіруге бағытталғанын Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм-ді қоса алғанда президенттің бірнеше жақтасы жазды.

Құпия қызмет өкілі «Агенттік біздің қорғауымыздағы адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр деп бағаланған кез-келген жәйтті мұқият тергейді» деп мәлімдеді.

Джейс Коми Федералды тергеу басқармасын 2013-2017 жылдары басқарды. Трамп оны өзінің бірінші президентік мерзімінде қызметінен босатты. Оған 2016 жылғы президенттік науқан кезінде Трамп өкілдерінің Ресеймен болуы мүмкін байланысты анықтау бағытында жүргізген тергеу шаралары себеп болған.

Коми өзіне қарата айтылған сыннан соң жазбасын алып тастады. Ол бұл цифрларды ешқашан да зорлық-зомбылықпен байланыстырмағанын және өзінің кез-келген күш көрсетуге қарсы екенін жазды.

Осыған дейін АҚШ-та есірткінің артық дозасынан өлім 27%-ға төмендегені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар