00:03, 22 Қазан 2013 | GMT +5
АҚШ-та инвесторларға спортшылардың келешектегі жеңістерінен пайда табуға кеңес беруде
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Ол үшін футбол клубын сатып алудың немесе тотализаторда ставка қоюдың қажеті жоқ. «Фантекс холдингс» компаниясы қаржы құралын құрды, ол кәсіби спортшылардың келешектегі жеңістерінен үлесті сатып алу мүмкіндігін береді, деп жазады Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты vestifinance.ru сайтына сілтеме жасап.

Мақсатты акциялардың алғашқы шығарылымы Houston Texas клубының 27 жастағы ойыншысы Ариан Фостерді қолдау үшін ұйымдастырылады. «Фантекс холдингс» оның келешектегі табысының 20 пайыздық үлесін сатып алады. Осы мақсатта ол әр данасы 10 доллар болатын акция орналастырады. Барлығы 10,5 млн. доллар тарту жоспарланып отыр, оның 10 млн. Фостердің өзі, ал қалған жарты миллионын - жобаны жасаушылар табады. Егер инвестор спортшыға қойылған ставкадан шатаспаса, онда екеуі де жақсы табыс табады.
Әлемдік тәжірибеде мұндай болған. New York Times газетінің жазуынша, 1990 жылдары әлдебір қаржыгер қаржы құралын құрған. Ол бойынша рок-музыкант Дэвид Боуидің ағымдағы және келешектегі альбомдарын сатудан оның иесіне дивидендттер төленген.