АҚШ-та қалыңдық тойға тираннозаврдың киімін киіп келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны өзінің тойына тираннозаврдың киімін киіп келді. 

АҚШ-та қалыңдық тойға тираннозаврдың киімін киіп келді

Неке қию рәсімінен бұрын жас жұбайлардың кездесуі түсірілген видео Facebook әлеуметтік желісінде фотограф Джон Кларк Jon Clark Weddings парақшасына 23 қаңтар күні жариялады. Бес күннің ішінде оны 2,5 миллионнан астам адам көрген.