АҚШ-та Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы жекпе-жек басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кездесу 10 раундқа созылады.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өтуде. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске ұшыраған.

Қанат Ислам 1984 жылдың 13 қыркүйегінде Қытайда дүниеге келіп, Қазақстанға 2010 жылдары көшіп келген.

Бұған дейін әуесқой бокста Қытайдан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медальға ие болған. Кәсіпқой бокспен 2012 жылдан бері айналысып келеді.

Матч алдында өткен баспасөз мәслиxатында Қанат Ислам бұл айқасқа толық дайын екендігін мәлім етті.

«Бүгін барлығын, нағыз чемпионды көргенім үшін қуаныштымын. Мен - WBA рейтингінде төртіншімін, WBO-да бесінші орындамын, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін.  Мен үлкен айқасқа дайынмын, жатпай-тұрмай жаттығып жатырмын. Менімен  отбасым, командам - менеджер, бапкер, промоутерім бірге. Бұл жекпе-жектің өтетініне өте қатты қуаныштымын. Үлкен айқасқа дайынмын», - деді Ислам баспасөз мәслихатында.

Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша,  Исламның салмағы 154,2 фунт (69,94 келі), ал Ассистің салмағы 154,6 фунт  (70,12 келі) болды. Еске салайық, Қанат Исламның Робсон Ассиспен жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

 

Соңғы жаңалықтар