АҚШ-та Қазақстанның қарқынды дамуына арналған деректі фильмнің көрсетілімі өтті

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанмен одан әрі жете танысу мақсатында ҚР-ның Вашингтондағы Елшілігі Американың журналистік ортасында құрметке ие ұйымдардың бірі - АҚШ-тың Ұлттық баспасөз клубына есіктерін кезекті рет айқара ашты, деп хабарлады қазақстандық дипломатиялық ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мәселен, ағымдағы жылдың 26 маусымында журналистер мен дипломатиялық миссия қызметкерлерінің достастық кездесуі өтті. Шараға 70-ке жуық американдық журналист қатысты.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген баспасөз клубы халықаралық тілшілер комитетінің төрағасы Майрон Белкайнд (Myron Belkind) Қазақстанның халықаралық көшбасшылығы, соның ішінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау турасында айтып берді.

Өзінің алғы сөзінде Елші Ерлан Ыдырысоы Қазақстан, оның тарихы, дәстүрлері, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген экономикалық табыстары, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды ірі халықаралық шаралар және басқа да халықаралық бастамалар туралы баяндап берді.

Шара аясында Қазақстанның қарқынды дамуына арналған «This is America» деректі фильмі көрсетілді. Фильм саяси-экономикалық әріптестікті дамыту, сондай-ақ елдің тарихы, мәдени мұрасы, оның дәстүрлері мен өнері, сондай-ақ этникалық алуан түрлілік тақырыптарын арқау еткен.

Деректі фильм «This is America» атты әйгілі ток-шоудың жүргізушісі Деннис Хоули бастаған американдық түсіру тобының өткен жылдың күзінде Астана, Алматы және Атырау қалаларына жасаған екі апталық сапарының қорытындысы ретінде түсірілді. Танымал бағдарламада Д.Хоули ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен әңгімелесуде. Әңгімелесу барысында министр елдің сыртқы саясатының басымдықтары, Қазақстанның ядролық қарусыздану және оны таратпау саласындағы көшбасшылық рөлі, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюы жөнінде баяндайды.

Соңғы жаңалықтар