АҚШ-та қолдан жасалған бомбалардың ең үлкен қоймасы табылды

АСТАНА.KAZINFORM — ФТБ Вирджиния тұрғынынан қолдан жасалған 150 бомба тапты. Бұл бюро тарихындағы ең ірі тәркілеулердің бірі, деп жазады Euronews.

В США нашли самый большой в истории ФБР тайник с самодельными бомбами
Фото: freepik.com

Вирджинияда ФТБ тарихындағы қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың ең үлкен қоймасы табылды — барлығы 150.

Ол атыс қаруын сақтады деген айыппен іздестіріліп жатқан Брэд Спаффордтан табылды.

Жарылғыш заттардың көпшілігі бомба жасауға арналған материалдар және құралдармен бірге гараждан табылды, дейді прокурорлар. Олар Спаффорд тұратын үйдің «жатын бөлмесіндегі рюкзакта тағы бірнеше түтік бомбалары сақталғанын» атап өтті.

Сонымен қатар, Спаффорд мұздатқышта температураның өзгеруіне байланысты жарылып кетуі мүмкін өте тұрақсыз жарылғыш гексаметилен трипероксиддиамин банкасын сақтағанын мойындады.

Спаффордтың адвокаттары биліктің оның зорлық-зомбылық әрекеттерін жоспарлағанына дәлелі жоқ дейді.

Бұған дейін Лас-Вегаста 64 қабатты Trump International қонақүйінің жанында Cybertruck электрлі пикап жарылған. Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар