АҚШ-та Марстан құлаған ең үлкен метеорит 5 млн долларға сатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Марстан жеткен ең үлкен метеорит Нью-Йоркте өткен аукционда рекордтық $5,3 млн-ға сатылды, деп хабарлайды ресейлік ресейлік ТАСС.

- NWA 16788 деген атаумен белгілі болған метеорит қызғылт-қоңыр түстес. Бұл оның Марстан екендігінің дәлелі іспеттес. Метеориттің үстіңгі қабатында шұңқырлар бар, олар оның жер атмосферасы арқылы көз ілеспес жылдамдықпен ұшып, қатты қызған кезде пайда болған белгілер, - делінген Sotheby's аукцион үйінің сайтындағы хабарламада.
Сайттағы мәліметтерпге қарағанда, 24 келілік тас Марстан оның алдында түскен метеориттен 70% үлкен. Болжам бойынша ол астеройдпен соқтығысу салдарынан қызыл планетаның жоғарғы қабатынан бөлініп қалған. Сөйтіп, метеориттің бір бөлігі шыныға айналған.
The Washington Post басылымының хабарлауынша, бұл әлемдегі ең қымбат метеорит.
Осыған дейін АҚШ-та Марстан құлаған метеорит аукционға шығарылатыны туралы жаздық.