АҚШ-та Марстан құлаған метеорит аукционға шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Sotheby's аукцион үйі 16 шілдеде Нью-Йоркте сирек кездесетін экспонатты - Марстан Жерге құлаған ең үлкен метеоритті сатуға шығарады, деп хабарлайды Bild.

АҚШ-та Марстан құлаған метеорит аукционға шығарылады
Фото: Bild

NWA 16788 деп белгіленген тастың салмағы 25 келі және оның бағасы аукцион кезінде 4 миллион долларға дейін көтерілуі мүмкін екені атап өтілді.

2023 жылы Нигерде бірегей ғарыш нысаны табылды. Ғалымдар ол күшті астероид соқтығысуы нәтижесінде Марстан бөлініп, көп жылдан кейін метеорит болып Жерге құлады деп есептейді.

— Мұндай олжалар өте сирек кездеседі: дүние жүзінде 400-ге жуық марс метеориті бар, олардың көпшілігі кішкентай, - делінген хабарламада.

Sotheby's бұл тасты «оллекционерлер үшін қазына» деп атайды. Аукцион үйі NWA 16788 жай ғана ауыр тас емес, жақсы сақталған метеорит екенін айтады.

Еске сала кетейік, Наполеонның қылышы Париждегі аукционда 4,7 миллион еуроға сатылды. 

Соңғы жаңалықтар