09:45, 07 Маусым 2023 | GMT +5
АҚШ-та мектеп бітіру салтанатында болған атыстан екі адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың шығысындағы Ричмонд қаласында Вирджиния университетінің кампусында болған атыстан екі адам қаза тапты, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СNN-ге сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 19 жастағы оқ атқан жігіт зардап шеккендердің бірінің танысы болған.
18 жастағы мектеп бітіруші түлек пен 36 жастағы ер адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды.
Жиналғандарға оқ жаудырған адам қамауға алынды.
Жоғары мектеп түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде 19 жастағы жігіт шабуыл жасаған.
Бұл іс-шараның ресми бөлігі аяқталып, жиналғандар көшеде отбасы мүшелерімен суретке түсіп жатқан кезде болды, деп хабарлайды CNN.