АҚШ-та мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған.

полиция, США, Америка
Фото:  shutterstock

Бұл туралы Kazinform BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция бұған дейін бес адамның мерт болғанын хабарлады, бірақ кейінірек олардың саны үшеу екені анықталды. 

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар — ол осы мектептің оқушысы болуы мүмкін.

Полицейлер оқиға орнына жеткенше күдікті әлдеқашан өліп қалғаны белгілі болды. Бұл ретте полиция қару қолданбағанын хабарлады. 

Мадисон қаласы — Висконсин штатының астанасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Франция президенті Майоттаға ұшып, ұлттық аза тұту жариялайтыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар