АҚШ-та мектептің хоккей матчында атыс болды: қаза тапқандар бар

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы жоғары мектептегі хоккей ойынында болған атыста екі адам мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды. Оқ атты деп күдікке ілінген ер адам оқиға орнында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды NBC News. 

АҚШ-та мектептің хоккей матчында атыс болды: қаза тапқандар бар
Фото: x.com/wsfa12news

Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр. 

Қарудан оқ атқан ер адамның есімі анықталды — ол 56 жастағы Роберт Дорган. Күдікті залда жалғыз болып, отбасы мүшесі қатысқан хоккей ойынын көруге келген. Ол өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынынан көз жұмуы мүмкін деп болжанған. 

Полиция күдіктінің жәбірленушілермен қандай қарым-қатынаста болғанын анықтап жатыр. Нұсқалардың біріне сәйкес, зардап шеккендер оны танығандықтан, бұл қасақана жасалған шабуыл болуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-тағы ең көне университеттердің бірінде болған атыс салдарынан екі студент қаза тапқаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум