АҚШ-та «Мэттью» дауылынан 4,5 мың әуе рейсі тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та «Мэттью» дауылы салдарынан 4,5 мың әуе рейсі тоқтатылды. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
None
None

Орландо қаласында барлық ұшақтардың ұшуы және қонуы тоқтатылды, кей рейстер 8 қазанға шегерілді. Тоқтатылған рейстердің саны әлі де өсуі мүмкін деген болжам бар. Одан бөлек, осы қаладағы Walt Disney World, Universal Studios және SeaWorld парктері жабылды.

Оңтүстік Флоридада әуежайлар қата ашылып, жұмысын жалғастыра бастады. Ал Каролинада әуежайлар 9 қазан күні ашылады деп жоспарланған, деп жазады РБК.

Соңғы жаңалықтар