22:14, 21 Тамыз 2016 | GMT +5
АҚШ-та сауық кешке оқ жаудырылып, 13 адам жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бриджпорт (Коннектикут штатs) қаласындағы сауық кешке белгісіз адамдар оқ атты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Шабуыл салдарынан 13 адам жарақат алды, оның 11-і ер адам, екеуі әйел. Біреу ауыр халде. Полицияның хабарлауынша, шабуыл жасаушы екі адам болған, олардың осы қылмысқа баруының себебі әзірге белгісіз.