АҚШ-та ішінара шатдаун басталды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Конгресі Сенатындағы дауыс беруге қарамастан, шатдаунның алдын алу мүмкін болмады. Дегенмен бұл жолы оның қысқа мерзімді болатыны болжанып отыр. Қаржыландыру пакетін Конгрестің Өкілдер палатасы мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды DW.

Сенат Конгресса США
Фото: Anadolu

АҚШ Конгресінің Сенаты федералдық үкіметтің қаржы жылының соңына дейін жұмысын қаржыландыруды көздейтін заң жобалары пакетін мақұлдады.

Жұма күні, 30 қаңтарда құжатты қолдап 71 сенатор дауыс берсе, 29-ы қарсы шықты. Алайда соған қарамастан шатдаунның алдын алу мүмкін болмады. Федералдық үкімет жұмысының ішінара тоқтатылуы сенбі күні, 31 қаңтар таңертең басталды.

Бұл құжат мәтінінің Конгрестің Өкілдер палатасында да мақұлдануы қажет болуына байланысты. Ал палатада оны қарау, болжам бойынша, тек 2 ақпанда өтеді, деп нақтылады Reuters агенттігі.

Ұзақ үзіліс болмайды

Сонымен қатар Сенаттағы Демократиялық және Республикалық партия жетекшілері бюджеттік дағдарыс бірнеше күннен аспайды деген үміт білдірді.

- 30 қаңтарға қараған түні Ақ үй мен демократтар АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік қызметінің (ICE) жұмысына қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесі бойынша ымыраға келді, -  деп нақтылады AFP.

Президент Дональд Трамп демократтармен келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеп, соған сәйкес бюджеттік пакеттің алты бөлігінің бесеуі қабылдануы мүмкін екенін айтты.

АҚШ үкіметі қаржыландырусыз қалған он жағдай

1977 жылдан бері АҚШ үкіметі үш күнге дейін созылған қаржыландыру үзілістерін 10 рет бастан өткерген. Пауза жағдайларының басым бөлігі нақты салдарға алып келмегенін АҚШ Конгресінің зерттеу қызметі атап өтті.

2025 жылғы 13 қарашаға қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын 30 қаңтарға дейін қаржыландыруды ұзарту туралы заңға қол қойған болатын.

Сол кезде шатдаун 43 күнге созылды, бұл ел тарихындағы ең ұзақ үзіліс саналады. Федералдық бюджетке қатысты республикашылдар мен демократтар арасындағы келіспеушіліктер салдарынан шамамен 750 мың федералдық қызметкер жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалысқа жіберілді. Тек тіршілікті қамтамасыз ететін құрылымдар – әуе диспетчерлік қызметі, полиция, шекара қызметі және жедел медициналық көмек саласы ғана жұмысын жалғастырды.

Екі партия өкілдері қол жеткізген ымыраның негізінде медициналық сақтандыру саласындағы салықтық жеңілдіктерге қатысты келісім жатты. Шатдаун кезінде жұмыстан босатылған федералдық қызметкерлерді қайта қызметке алу және оларға жалақы бойынша барлық берешекті төлеу көзделді.

Соңғы жаңалықтар