АҚШ-та синагогада 11 адамды өлтірген антисемит өлім жазасына кесілді
АСТАНА.ҚазАқпарат - АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы алқабилер соты Роберт Боуэрсті өлім жазасына кесті. Ол 2018 жылдың қазан айында Питтсбургтегі синагогада 11 адамды атып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Айыптаушы тарап талап еткен өлім жазасына 12 алқаби бірауыздан шешім қабылдауы қажет болды.
Олар екі күн бойы 10 сағат талқылағаннан кейін айыптыны өлім жазасына кесу туралы шешімге келді.
Сәрсенбі күні үкім бейсенбі күні жариялау үшін аудандық судьяға берілді.
Боуэрстің «Өмір ағашы» деп аталатын еврей қауымдастығының 11 мүшесін өлтіруі - АҚШ тарихындағы ең ауыр антисемиттік қылмыс болды.
Қаза тапқандар 54 пен 97 жас аралығындағы адамдар. Тағы жеті адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланған.
Боуэрске қатысты үкім - президент Джо Байден тұсындағы алғашқы федералды өлім жазасы.