АҚШ-та торнадо салдарынан мыңдаған адам электр жарығынсыз қалды, қаза тапқандар да бар

АҚШ-та қатты дауыл. Теннесси штатында кем дегенде алты адам қаза тауып, 76 мың тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Торнадо
Фото: twitter.com/Riley_Gaines

Зрдап шеккендердің біразы үйінді астында қалды, олардың саны әлі анықталған жоқ.
Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккендердің арасында бір бала бар, сондай-ақ жиырмаға жуық адам жарақат алған.

Нэшвилл мэрі Фредди О'Коннелл сенбі күні кешке төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды зардап шеккен аудандардан аулақ болуға шақырды.

Штаттың солтүстік-шығысында орналасқан Уикли округінің билігі торнадодан үйлер қирап, тұрғындар үйінді құрсауында қалып қойғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар