АҚШ-та торнадодан бес адам қаза тапты

Пять человек погибли в результате торнадо в США
Фото: BBC

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-тың орталық штаттарында болған ондаған торнадо салдарынан кем дегенде бес адам қаза болды, оның ішінде төрт айлық нәресте бар, деп хабарлайды ВВС.

Жұма күні басталған торнадодан он мыңдаған тұрғын электр қуатынсыз қалды.

Он шақты округте төтенше жағдай жарияланды, Оклахома штатында төрт адам қаза тапты.

Айова штатында бесінші адам алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, сенбі күні кейбір торнадолардың екпіні 218 км/сағ жеткен.

Әсіресе Оклахоманың шығысында орналасқан Салфер қаласы қатты зардап шекті. Оқиғадан кейінгі видеода қираған үйлер мен аударылған көліктер көрсетілген. Мәліметтерге сәйкес, 100-ге жуық адам жарақат алған.

Штат губернаторы Кевин Ститт Салферге барып, мұндай апат билікте қызмет еткен алты жыл ішінде болмағанын айтты.

«Қаланың қалай қирағанын елестете де алмайсыз. Қала орталығындағы барлық бизнес жойылған сияқты», - деді ол.

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Кевин Ститтпен сөйлескенін және федералды үкіметтің толық қолдауын ұсынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар