АҚШ-та туған қазақ балаларына ана тілін үйрететін клуб ашылды

Қазақстан Республикасының Вашингтондағы Елшілігі АҚШ-тағы балалардың қазақ тілін үйреніп, қазақ мәдениетін сақтауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Дети в США
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев

Жыл басында құрылған «Қазақша сөйлеу клубы» («Kazakh speaking club») волонтерлік негізде жұмыс істейді.

Қазақ тілін үйрету сабақтарының ерекшелігі — балаларға түрлі көрнекіліктер көрсетіп, қызықты ойындар ойнату арқылы оқыту әдісінде.

Дети в США
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев

Ұйымдастырушылар клубтың мақсаты жай тіл үйрену сабақтарын өткізуден әлдеқайда ауқымдырақ екенін айтады.

Негізгі идея — балаларға ана тілі арқылы қазақ мәдениетін меңгеру алаңын қалыптастыру. 

Бұдан өзге, клуб қазақ диаспорасы мен олардың балаларын танысуға, өзара қарым-қатынас жасап, бірігуге ықпал етеді. Жасалатын тілдік орта балаларға қазақ тілінде, оның ішінде күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Дети в США
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев

Клубтың әр кездесуі салт-дәстүр, музыка, өнер сынды түрлі тақырыпта өтеді. 

Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Себебі, балалардың барлығы қазақ тілінде сөйлей бермейді, ал кейбіреулеріне ағылшын тіліндегі тапсырмалардың шарттарын түсіну оңайырақ.

Бір айта кетерлігі — Америкада дүниеге келген сәбилер өте көп.

Дети в США
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев

Клубқа келу олардың қазақ мәдениетін бойларына сіңіріп, ана тілін базалық деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік береді.

Сабаққа жүйелі түрде келіп жүрген балалар ҚР Мемлекеттік Әнұранының мәтінін жаттап алды.

Дети в США
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев

 

Соңғы жаңалықтар