10:50, 02 Қаңтар 2014 | GMT +5
АҚШ-та тұрғын үйдің жарылуы салдарынан 13 адам зардап шекті
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-та тұрғын үйдің жарылуы салдарынан 13 адам зардап шекті.

CNN телеарнасының хабарлауынша, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жартысы әл үстінде жатыр. Төтенше оқиға Миннеаполис қаласында орын алды. Жарылыстан кейін үйдің шатыры опырылып, өрт басталған. Тұрғындардың басым бөлігі терезеден секіремін деп жарақат алған болуы ықтимал. Қирандылар астында адамдар болуы мүмкін. Құтқару операциясы жалғасуда. Оқиғаның себептері әзірге белгісіз.