АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Нью-Йорк штатының солтүстігінде шағын ұшақ құлап, 4 адам опат болды, деп хабарлайды Associated Press.
None
None

Полиция хабарлағанындай, Piper PA-46 ұшағы Адирондак әуежайынан солтүстік-батысқа қарай канадалық шекарадан 50 шақырым жерде құлаған.

Билік орындары әзірге құрбан болғандар мен апат себептері жайлы мәліметтер бермей отыр. АҚШ-тың федералдық авиация басқармасы аталған оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар