АҚШ-та ұшақ ғимараттың үстіне құлап, бірнеше нысан отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Нью-Джерси штатында Тетерборо әуежайында  бизнес-класс ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды NBCNewYork.

АҚШ-та ұшақ ғимараттың үстіне құлап, бірнеше нысан отқа оранды

АҚШ азаматтық авиациясы федеральдық басқармасының мәлімдеуінше, Learjet 35 ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын ала деректерге қарағанда, лайнер құлаған кезде ғимаратқа соғылған. Салдарынан бірнеше нысан отқа оранды.

БАҚ-тардың соңғы деректеріне қарағанда, апат салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты. Ұшақта жолаушылар болмаған.