05:32, 17 Наурыз 2024 | GMT +5
АҚШ-та ұшақ сыртқы панелі ұшып кеткеніне қарамастан ұшты
АСТАНА. KAZINFORM — Сан-Францискодан Медфордқа ұшқан United Airlines компаниясының Boeing 737 ұшағы ұшу кезінде жабындысын жоғалтып алғанымен, діттеген жеріне сәтті қонды, деп хабарлады ТАСС.
Оқиға туралы Fox 13 телеарнасы хабарлады. Оның мәліметінше, бортта 139 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.
Сыртқы панельдің жоғалғаны ұшақ қонғаннан кейін ғана байқалды. Компания өкілінің айтуынша, әуе тасымалдаушысы «ұшақты мұқият тексеріп, жөндеуден өткізеді», сондай-ақ «оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізеді».