АҚШ-та Жаңа жыл қарсаңында лаңкестік акті жасамақшы болған ер адам ұсталды

«Айыптау қорытындысына сәйкес, Эамануэль Латчман ИГИЛ-ге (ИМ бұрынғы атауы) материалдық қолдау көрсетуге тырысқан, ол Жаңа жыл қарсаңында осы лаңкестік ұйымы атынан кінәсіз бейбіт тұрғындарды өлтіруге бел байлаған», - деп мәлімдеді АҚШ бас прокурорының көмекшісі Джон Карлин.
Алайда құқық қорғау органдары қаскөйді дер кезінде қолға түсірді, деп хабарлады ТАСС. Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адам шетелден белгісіз ИМ мүшесінен нұсқау алған және 31 желтоқсанда Рочестерде орналасқан барлардың немесе мейрамханалардың бірінде келушілерге қарулы шабуыл жасамақ болған. Ол сондай-ақ Таяу Шығысқа аттанып, исламшыларға да қосылмақ болған. Енді оған 20 жыл мерзімге түрмеден отыру, сондай-ақ 250 мың доллар мөлшерінде айыппұл төлеу қаупі төніп тұр.