АҚШ-та жеңіл атлетикадан әлем чемпионының қызын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жеңіл атлетика бойынша спринтерлік қашықтыққа жүгіруден үш дүркін әлем чемпионы Тайсон Гэйдің 15 жасар қызы Тринити ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Кентукки штаты Лексингтон қаласы полициясының мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары мейрамханалардың бірінің маңында атыс болды деген ақпарат алған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал шығарғандар екі түрлі көлікте болған. Сақшылар бір көлікті тоқтатып, ондағы екі адамды тергеуге алып кеткен. 

Атыс кезінде үш рет оқ тиген Тринити Гэй кейінірек Кентукки университетінің медициналық орталығында алған жарақаттарынан көз жұмған.

Тайсон Гэй 2007 жылғы жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 100, 200 метрлік қашықтықта және 100 метрге 4 адамдық эстафетада алтын медаль алған даңқты спортшы. 

Соңғы жаңалықтар